Қазақстанда техникалық төлқұжат және жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат етіледі

Қазақстанда техникалық төлқұжат және жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат етіледі
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жүргізушілер көлік айдау куәлігін алып жүру міндетінен босатылуы мүмкін. Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қолға алды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтуынша, заң жобасы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін дайындалған.

Оның айтуынша, заң жобасы жүргізушілерді Қазақстана берілген көлік құралын тіркеу туралы құжат пен жүргізуші куәлігін алып жүруге міндеттейтін норманы бұзғаны үшін жауапкершілікті алып тастауға бағытталған. 

"Заң жобасы кейбір көлік құралын пайдалану ережелерін реттеуге бағытталған. Комитет бұл заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 26 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - деді мәжілісмен.

А. Рысдәулет