GM көліктеріне "СИРИ" бағдарламасын орнатпақ

GM көліктеріне "СИРИ" бағдарламасын орнатпақ

"Дженерал моторс" компаниясы көліктеріне Apple-дың дауысты тану жүйесін орнатпақ.

ИТАР-ТАС агенттігінің хабарлауынша, жүйе Chevrolet-нің екі бірдей моделіне орнатылады: нарыққа 2013 жылдың бірінші жартысында шығатын «Шевроле Спарк» және «Шевроле Соник». Бұл туралы компания өкілдері Лос-Анджелесте өткен халықаралық автосалондағы жиында айтты. Көлік иелері iOS 6-дан кейінгі платформада жұмыс істейтін iPhone арқылы «Шевроле МайЛинк» ақпараттық - ойын-сауық жүйесіне қосылып, дыбыстық бұйрықтар бере алады.

Нақтырақ айтсақ, жүргізушінің дыбыстық бұйрықтар арқылы телефон шалуға, SMS жазуға, музыка қосуға, радио тыңдауға мүмкіндігі болады. Айта кетелік, әрбір бұйрық орындалған сайын мобильді құрылғының экраны жыпылықтап белгі беріп отырады. Бұл жүргізушіні алаңдатпай, қозғалысын одан әрі жалғастыра беруге мүмкіндік береді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: chevrolet-portal.ru