Қазақстанда соңғы 10 айда 15 мың көлік құрастырылған

Қазақстанда соңғы 10 айда 15 мың көлік құрастырылған

Қазақстанда соңғы 10 ай көлемінде 15 мың көлік құрастырылды деп хабарлайды қазақстандық автобизнес Ассоциациясының баспасөз-орталығы. 

Өткен 2011 жылдың алғашқы 10 ай қорытындысы бойынша, 6055 көлік құрастырылған еді. Яғни биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп деген сөз.

Қазақстандық зауыттарда жиналған машиналардың көпшілігі жеңіл автокөліктерге жатады (95,5%).

Бірінші орында жол талғамайтын көліктер тұр. Олардың саны - 7551 (52.7%), екінші "гольф класстағы" көліктер - 5289 (36.9%), экономикалық жағынан тиімді, шағын көліктер саны - 724 (5%), жанұялық үлгідегі көліктер - 628 дана (4,3%). Сонымен бірге, 10 ай ішінде 673 дана коммерциялық техникалар мен автобустар құрастырылған.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kapital.kz

Б. Қосмағамбет