Huawei Mate30 Pro флагманы Қазақстанда ресми түрде сатыла бастады

Huawei Mate30 Pro флагманы Қазақстанда ресми түрде сатыла бастады

Huawei компаниясы жеке мобильдік сервистерінің экожүйесі бар Mate30 Pro флагман смартфонының Қазақстандағы сатылымы басталғанын хабарлады. HUAWEI Mate30 Pro смартфоны – эстетикалық дизайннан бастап аппарат компоненті, бағдарламаға дейінгі түрлі бағытта жаңа стандарт қалыптастыруға қауқарлы құрылғы.

HUAWEI Mate30 Pro Kirin 990 процессорымен жұмыс істейді, оның құрамына нейрон есептеуіштерінің модулі (екі үлкен, екі кіші ядро және 16 ядролық графика модулі) кіреді. Процессордың инновациялық модулі құрылғының жалпы жұмыс, қуат өнімділігін айтарлықтай арттырады. Смартфонның жетілдірілген жылусорғыш жүйесі графен қабықтан жасалған. Жылу соруға ең тиімді бұл материалдың арқасында HUAWEI Mate30 Pro жылуды басып, қызып кетуден ұзақ уақыт сақтап тұрады.

HUAWEI Mate30 Pro-ның негізгі камерасы Leica көмегімен жасалған. Ол төрт фотомодульден тұрады, оның ішінде SuperSensing Cine Camera деген видеоның кинематографиядағыдай сапасын қамтамасыз ететін, аса сезімтал камера бар. Телеобъективті қосымша 8 МП камерада 3 есе оптикалық, 5 есе гибридтік және 30 есе цифрлық зум қамтылған. Камера жинағын оптикалық стабилизатор (OIS), стабилизацияның интеллектуал алгоритмі және объектілердің ауқымын анықтайтын арнайы камера толықтырып тұр.

Аса сезімтал кинокамера (Super Sensing Cine Camera) – бұл айналы фотоаппараттар түсірген фотосуреттердің сапасынан кем түспейтін сурет түсіруге мүмкіндік беретін екі негізгі камера. Ол ISO 51200 сезгіштігі бар, диагоналі 1-1,54 дюйм сенсорға ие және видеоны 4К форматта кеңейтілген динамикалық диапазонмен, секундына 60 кадр жиілікте, сондай-ақ секундына 7680 кадр жиілікпен баяу ролик түсіруге мүмкіндік береді. Камера жарық нашар түсіп тұрған жерде де 4К форматта кеңформатты циклдік роликтер (time-laps) түсіруге қауқарлы. Смартфон камерасы "боке" эффектін түсірілім кезінде пайдалана алады, осылайша кәсіби деңгейдегі кадр жасауға болады. Екінші камераға диагоналі 1/1,7 дюйм HUAWEI SuperSensing сенсоры орнатылған. Ол өзге дәстүрлі камералармен салыстырғанда жарықты 40% көбірек қамтиды, ISO409600 дейінгі сезгіш көрсеткішіне ие.

Күні бойы қуаты таусылмай жұмыс істеуі үшін HUAWEI Mate30 Pro-ға сыйымдылығы сағатына 4500 мА болатын мықты батарея орнатылған. TÜV Rheinland компанияның сертификаты бар HUAWEI SuperCharge технологиясы болса, аккумулятордың жылдам қуатталуын қамтамасыз етеді. Сымсыз қуатталу күші – 27 Вт, сыммен – 40 Вт. Қуатты үнемдеп жұмсайтын бұл құрылғы толыққанды функционалдықты қамтып, күні бойы өнімді жұмыс істеуге жағдай жасайды. Сондай-ақ, HUAWEI Mate30 Pro өз қуатын сымсыз қуаттау функциясы арқылы өзге құрылғыларды қуаттай алады.

HUAWEI Mate30 Pro моделінде қолданылған инновацияның бірі – дыбыс батырмаларын алмастырған шеткі сенсор жақтаулар. Қолданушы клавиштердің орнын өз ыңғайына қарай орналастыра алады. Сонымен қатар, HUAWEI Mate30 Pro аудионы диплей арқылы ойнатуға мүмкіндік беретін HUAWEI Acoustic Display технологиясын да пайдаланған.

HMS экожүйесіне кіретін Huawei App Gallery қосымшалар дүкені, Huawei Mobile Cloud бұлт сервисі және өзгелері бүкіл әлем бойынша іске қосылып, Huawei өнімдерінің маңызды бөлігіне айналды. 2018 жылдың сәуірінде іске қосылған Huawei App Gallery аудиториясы қазір – 390 миллион (170 ел), бір жылда одан 180 миллиард қосымша мен бағдарлама жүктелген. HMS экожүйесіне қосымша жасаушылар күн санап қосылып жатқандықтан, Huawei App Gallery-де танымал қосымшалардың да саны артып келеді.

Huawei Browser – бұл қауіпсіз, ықшам етіп жасалған мобильдік браузер. Онымен парақшаларды жылдам жүктеп, ыңғайлы іздеу жүйесін пайдаланып, қауіпсіздікке бола алаңдамауға болады. Huawei Mobile Cloud бұлт сервисі аккаунттың идентификациясынан бастап, деректерді сақтауға дейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сервисте фото, видео, контактілер сияқты жеке ақпаратты сақтауға болады. Мұнда қолданушы өз файлдарын қауіпсіз басқаруы үшін мультиканал синхронизациясы жасалған.

Бұдан бөлек, Huawei Mobile Services қолданушыларға қоры бай, сапалы аудио және видоконтент ұсынады. Huawei Music сервисінде түрлі аудиоконтент жинағы мен қосымшалар бар. Олардың ішінде ондаған миллион музыка қоры, танымал әндердің тізімі мен аудиокітап каналдары бар.

Huawei Mate30 Pro смартфонының Қазақстанда күміс түсті түрі сатылады. Бағасы – 499 990 теңге. 13-29 наурыз аралығындағы акцияда Mate30 Pro-ны сатып алғандарға Watch GT2 смарт-сағаты, Huawei FreeBuds 3 сымсыз құлаққаптары, сервис қызметіне қосымша бір жыл және экранын ауыстыруға үш айлық кепілдік сыйға беріледі.

Серіктес материалы

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды