LEGO ойыншығын құрастырған адам көз жұмды

LEGO компаниясының ардагерлерінің бірі, 30 жыл дизайнер болып жұмыс істеген Йенс Нигард Кнудсен 78 жасында қайтыс болды. Кнудсен Lego-да 1968-2000 жылдары жұмыс істеген. 

1970 жылы құрастырылған, қолы мен аяғы қимылдайтын Лего-адам ойыншығын ойлап тапқан да дәл осы Йенс еді. Бұл ойыншық адам Лего конструкциясының ең танымал ойыншығына айналды.

Легоның алғашқы адам ойыншықтары 1974 жылы шығарылды. Дизайнер ойыншық арқылы жанұяны бейнелеуге тырысқан көрінеді. Өйткені ұл мен қыздың ойыншығымен бірге, әке-ана мен ата-әженің де бейнеленген ойыншықтары шығарылды. Бірақ мұндай ойыншықтардың қимылы жоқ, қатып қалған ойыншықтар еді, ал ойыншықтың түрлерін тек бас киімдеріне қарап қана ажыратуға болатын еді.

Ал Кнудсен 1978 жылы күліп тұрған полицейдің ойыншығын жасап, кейін LEGO Minifigure желісімен конструкторлар шығара бастады. Содан бері Лего-адамдардың түр-түрі шығарылды. Сырт киімдері ауыстырылды, басқа мамандық иелері құрастырылды. Бірақ ойыншықтың түр-әлпеті сол күйінде қалды.

LEGO компаниясының деректеріне қарағанда, осы күнге дейін 8 миллиард ойыншық сатылған екен. Легоның ойыншықтар поп-мәдениеттің маңызды бөлігіне айналды.

2017 жылы Lego – әдемдегі ең даңқты, танымал бренд атанды. Тіпті, танымалдығы Walt Disney-ден де асып кетті.