Кристина Кук әйел ғарышкерлер рекордын жаңартты

Кристина Кук әйел ғарышкерлер рекордын жаңартты

NASA ғарышкері Кристина Кук Халықаралық ғарыш кемесінде 328 күн, 14 сағат болып, әйел ғарышкерлер арасындағы рекордты жаңартты. Бұған дейін ғарышта ең ұзақ болған әйел ғарышкер Пегги Уитсон (288 күн) болған.

Image result for koch NASAАшық ғарышқа алты рет шыққан Кристина Кук және Джекссика Мейр

Кук 6 ақпан күні "Союз" ғарыш кемесімен Жезқазғанға қонды. Италиялық ғарышкер Лука Пармитано мен ресейлік ғарышкер Александр Скворцов экипаж мүшесі болған. Олар ғарышта 201 күн болған.

41 жастағы Кристина Кук рекордты былтыр жаңартып үлгерген, сондықтан оны Жерге қайтара берсе болатын еді. Оның үстіне ғарышкерлер ХҒК-да орташа алты ай болады. Бірақ NASA Кукты қалдыруды шешкен. Себебі NASA ғарышта өткізген ұзақ мерзім әйел ағзасына қалай әсер ететінін зерттеп жатыр. Бұл америкалық ғарыш агенттігінің Айға қонуға арналған "Артемида" және Марсты игеруге дайындық үшін жасалған.

Massaget.kz