Apple 2019 жылдың үздік қосымшалары мен ойындардын анықтады

Apple компаниясы 2019 жылдың үздік қосымшалары мен ойындардын жариялады. Олар iPhone, iPad, Mac, Apple TV категорияларына жіктелген.

"Әлемнің түкпір-түкіпіріндегі ойын, қосымша жасаушылар мәдениет пен өмірді жақсартуға атсалысып жатыр. Біз оларға зор алғыс айтамыз", - дейді компанияның вице-президені Фил Шиллер.

2019 жылдың үздік қосымшалары

iPhone-ға арналған үздік қосымша: Spectre Camera (Lux Optics)

Бұл қосымшаның көмегімен ұсталымы ұзақ (shutter speed) суреттер түсіруге болады.

iPad-ке арналған үздік қосымша: Flow by Moleskine (Moleskine)

Moleskine-де виртуал құрал-жабдықтармен жазып, сурет салуға болады.

Үздік Mac қосымшасы: Affinity Publisher (Serif Labs)

Өте ыңғайлы Affinity Publisher бағдарламасы дизайн жасауға арналған кәсіби инструменттер ұсынады.

Apple TV App-ке арналған үздік қосымша: The Explorers (The Explorers Network)

The Explorers зерттеушілерге, ғалымдар мен суретшілерге фото мен видеоны жүйелеуге көмектеседі.

2019 жылдың үздік ойындары

iPhone-ға арналған жыл ойыны: Sky: Children of the Light (thatgamecompany)

Бірнеше ойыншы қатар ойнай алатын бұл квесте ертегі әлеміне еніп, аспан жаратылыстарына үйін табуға көмектесу керек.

iPad-ке арналған үздік ойын: Hyper Light Drifter (Abylight S.L.)

Hyper Light Drifter ойынының жаңа нұсқасында тірі қалу үшін түрлі күрестен өту керек.

Үздік Mac ойыны: GRIS (Devolver / Nomada Studio)

Бас қатырғыш GRIS платформері драмаға толы хикаяға құрылған. Ойыншы бас кейіпкердің өмірін сақтап қалу үшін түрлі сынақтан өтуі керек.

Apple TV-ге арналған үздік ойын: Wonder Boy: The Dragon’s Trap (DotEmu)

Wonder Boy ойыны 80-жылғы ойындарды еске салады. Ойынның графикасы мен саундтрегі жаңарған.