The Game Awards: 2019 жылдың үздік ойындары

The Game Awards: 2019 жылдың үздік ойындары
Фото: redmondpie.com

13 желтоқсан күні Лос-Анджелесте The Game Awards ойын премиясы (оны ойын индустриясының "Оскары" деп те атайды) өтті. Премияда бірнеше категорияның жеңімпаздары мен үздік ойындар анықталды.

Жыл ойыны – Sekiro: Shadows Die Twice
Үздік геймдиректор жұмысы – Death Stranding
Үздік сүйемел ойын – Fortnite
Оқиғасы үздік ойын – Disco Elysium
Визуал кескіні үздік – Control
Саундтрегі үздік ойын – Death Stranding
Дыбыс сүйемелі үздік ойын – Call of Duty: Modern Warfare
Ойындағы үздік актер – Death Stranding ойынындағы Клифф рөлін ойнаған Мадс Миккельсон
Қоғамдық ықпалы көп болған ойын – Gris
Үздік тәуелсіз ойын – Disco Elysium
Үздік мобайл ойын – Call of Duty: Mobile
Үздік VR/AR ойын – Beat Saber
Үздік экшн-ойын – Devil May Cry 5
Шытырман оқиғалы үздік экшн-ойын – Sekiro: Shadows Die Twice
RPG жанрындағы үздік ойын – Disco Elysium
Үздік файтинг – Super Smash Bros. Ultimate
Отбасыға арналған үздік ойын – Luigi’s Mansion 3
Үздік стратегия – Fire Emblem: Three Houses
Үздік спорт/жарыс ойыны – Crash Team Racing Nitro-Fueled
Көп қолданушы қатыса алатын үздік ойын – Apex Legends
Үздік инди-жасаушы дебюты – ZA/UM (Disco Elysium ойыны)
Қоғамның қолдауына ие болған үздік ойын – Destiny 2
Жылдың үздік контент-мейкері – Майкл "Shroud" Гжесик
Ойыншылар дауысы – Fire Emblem: Three Houses​

Киберспорт бөлімінің жеңімпаздары

Үздік киберспорт ойыны – League of Legends
Үздік киберспортшы – Кайл "Bugha" Гирсфорф
Үздік киберспорт командасы – G2 Esports
Үздік киберспорт бапкері – Дэнни "Zonic" Соренсен
Үздік киберспорт жарысы – League of Legends World Championship 2019
Үздік киберспорт жүргізушісі – Эфье "sjokz" Депоортере

Massaget.kz