"Манхэттен, 200?": Нью-Йоркте тікұшақ-такси пайда болды

Uber компаниясы Нью-Йоркта Copter атты тікұшақ-такси сервисін іске қосты. Ол Төменгі Манхэттеннен Джон Кеннеди әуежайы арасында қатынайды. Қызмет құны адам басына $200-$225 екен.

Uber Copter қызметін әзірге тек Төменгі Манхэттен тұрғындары қолдана алады. Олар өздерімен шағын шабадан ала алады. Ұшар алдында видеомен қауіпсіздік ережесі түсіндіріледі.

Reuters басылымы тікұшақты тестілеп көріпті. Тікұшақтың әуедегі уақыты – 8 минут. Дей тұрғанмен, тікұшақ айлағына дейін жетіп, орнығып әуежайға жеткенше және одан түскеннен кейін әуежайға дейін баратын жолдың барлығына 70 минут кеткен екен. Оған таксимен барғанда да осынша уақыт кететін көрінеді.