1994 жылғы Toyota Supra көлігі рекордтық бағаға сатылды

1994 жылғы Toyota Supra көлігі рекордтық бағаға сатылды

Sotheby’s бәссауда үйі Amelia Island Concours d’Elegance сайысында 1994 жылғы Toyota Supra көлігін рекордтық ақшаға сатты.

25 жылдан бері тек 18 мың шақырымды басып өткен спорткупесін жаңа иесі 173 600 долларға сатып алды. 1994 жылғы көліктің техникалық жағдайы жақсы сақталған. Toyota Supra Twin Turbo-ға екі турбокүшейткіші бар үш литрлі «алтылық» орнатылған. Supra сағатына 97 шақырымға 5,6 секундта жетіп үлгереді.

Бұған дейін Скоттсдейлдегі Barrett-Jackson бәссаудасында алғашқы Toyota GR Supra көлігін рекордтық 2,1 миллион АҚШ долларына сатып алған. Ал нарыққа енді шығатын бұл көліктің бағасы 55250 доллардан басталмақ. Бәссаудада сатылған көлікті екі нәрсе ерекшелеген: 20201-ден аяқталатын VIN-коды мен Phantom Matte түсі. Мұндай түсті Toyota GR Supra көлігі болмайды. Сатылымнан түскен барлық қаржы қайырымдылыққа жұмсалды.

Сондай-ақ, Toyota-ға қарасты тюнинг-ателье мамандары Toyota GR Supra көлігін жетілдіруге арналған идеяларын ұсынды. Өзгеріс аэродинамикалық сипаттамаларды жақсартуға бағытталған. Бірақ көлікке қуаттылық үстемеген. Жалпы инженерлер аспасы мен тежегішіне тиіспеген.

"Супраның" алдыңғы және артқы бамперлері карбонмен қапталған. Ал бүйіріндегі жаңа "белдемше" көміртекті пластиктен жасалды. Сондай-ақ шағын спойлер мен 19 дюймдік алюминий дөңгелектерге ие болды. Көліктің өзі нарыққа жаз айларында шығады деп жоспарланып отыр.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар