Жаңа iPhone cмартфондарының суреттері жарияланды

Жаңа iPhone cмартфондарының суреттері жарияланды
Фото: tengrinews.kz

9to5Mac басылымы жаңа iPhone cмартфондарының эксклюзивті суреттерін жариялады. Apрle компаниясы жаңа өніміне iPhone XS деп атау берген.

iPhone XS смартфондары екі нұсқада шығады. Бірі - 5,8 дьюм, екіншісі 6,5 дьюм OLED экрандармен жабдықталған. Басылым мәліметі бойынша, екі смартфон да алтын түстес түрмен ғана шығады.

Сонымен қатар, Apple 6,1-дьюйм LCD-экранды және Apple Watch Series 4 құрылғыларын шығарады. Соңғысының сыртқы қабаты бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқа болып келеді. Бұл ақылды сағаттарында Watch Face циферблаттары болады. 

Жаңа құрылғылардың таныстырылымы 12 қыркүйек күні Купертинодағы (Калифорния) Apple штаб-пәтерінде өтеді. Ал сатылымға 21-22 қыркүйектен бастап шығады.

Ө. Сансызбай