«Fibro» – жалғыздықтан құтқаратын мысық

«Fibro» – жалғыздықтан құтқаратын мысық
Фото: sb.by

Кореялық мамандар адамның жалғыздықпен күресуі үшін арнайы робот-мысық жасап шығарды.

Заманауи өмірде оқшаулану мен жалғыздық мәселесі өршіп тұр. Ақпарат ағымы мен техниканың қарқынды дамуынан, мегаполистердің көптеп салынуынан адамдар өз іштеріне тығылып, көптің арасында жалғыз өмір сүруге әдеттеніп алды. Сол үшін де «Fibro» роботы адамдарды сұқбатқа тартуға бейімдеп шығарылған. Мамандардың айтуынша темір мысықтар үйде тұрып, адамның барлық затына қарауыл да бола алады.

«Fibro» үйдегі түрлі дыбыстарды естиді, оларды талдайды, үй ішіндегі адамның не істеп жатқанын бақылап, анонимді түрде мамандар тобына жіберіп отырады. Робот-мысықтардың көзі түрлі сезімдерді де бере алады екен. Одан өзге «Fibro» жарық, микрофон, динамика үшін арнайы сенсорлармен жабдықталған. «Fibro»-ның сырт келбеті анимациялық фильмдердің режиссері Хаяо Миядзакидің кейіпкерін негізге ала отырып жасалған.

Т. Раушанұлы