Қытайда әлемдегі ең ұзын көпір салынды

Қытайда әлемдегі ең ұзын көпір салынды
Фото: cfts.org.ua

Қытайда сәуір айында әлемдегі ең ірі көпір пайдалануға берілді. Көпірдің ұзындығы – 55 километр. Бүгінде, Аспан асты мемлекеті инфрақұрылымдарына технологияларды қолдану барысында бірінші орында. Қазіргі уақытта қытайлық мамандар мемлекеттің сырт көрінісін құлпыртып жіберетін бірнеше ірі жобалар негізінде жұмыс істеп жатыр.

Алдағы 10 жылда 250 миллионға жуық адамды мемлекеттің кеңейіп жатқан мегаполистеріне көшіру жоспарланды. Мұндай кең түрдегі көші-қон барысы басқаларға қиындық тудырмау үшін, үкімет инфрақұрылым жұмыстарына ондаған миллиард доллар қаржы бөліп жатыр.

Қытайда Гонконг – Чжухай – Макаоны байланыстыратын көпір, теңіз үстінен өтетін әлемдегі ең ұзын көпір саналады. Көпірде көліктер еркін қозғалуы үшін 6 жолақ пен 4 туннель бар. Осы көпір салу кезінде, 4 жасанды арал да салынған.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы басталған көпір құрылысы 8 жыл дегенде бітіп, былтырғы жылдың соңында пайдалануға дайын болған. Бірақ, кейбір мәселелерге байланысты осы жылдың сәуір айында ашылу салтанаты болып өтті. Көпірдің құрылыс жұмысына 110 миллион юань (16 миллиардқа жуық доллар) қаржы сарп етілген.

Т. Раушанұлы