«YouTube»-те қауіпті вирус таралды

«YouTube»-те қауіпті вирус таралды
Фото: softeam.by

"Доктор Веб" компаниясы «Google» видеосервисінде қауіпті вирус таралғанын мәлімдейді. Вирустар құрылғыдағы жеке мәліметтерді, аккаунтыңыздағы ақпараттарды ұрлайды.

Қауіпті бағдарлама «Trojan.PWS.Stealer.23012» деп аталады. Теріс пиғылдылар зиянды вирусты «YouTube»-тегі бейнероликтер астына пікір ретінде қалдырып кетіп отыр. Киберқылмыскерлер аталған вирусты түрлі пайдалы бағдарлама ретінде, сілтемені басып өтуге кеңес береді. «Trojan.PWS.Stealer.23012» сілтемесін көрсеңіз, абай болғаныңыз жөн. Егер, сілтемені бассаңыз вирус компьютеріңізде өзінен-өзі ашылып кететін RAR–архивін жүктеп алады.

Ескерте кетейік, вирус компьютерде «Chrome», «Яндекс», «Браузер», «Opera», «Vivaldi», «Kometa», «Orbitum», «Dragon», «Amigo», «Torch» браузерлеріндегі «Cookies» файлдарын жинай бастайды. 
Браузеріңіздегі сақталған барлық логин, құпия сөздеріңізді, суреттеріңізді, негізгі беттегі барлық керекті құжаттарыңызды қылмыскерлер өз серверлеріне көшіріп алады.

Т. Раушанұлы