Видеотіркеуге жазу – жол полициясына көмек

Видеотіркеуге жазу – жол полициясына көмек

Қалада жол көлік оқиғасы бола қалған жағдайда сіздің видеотіркеуіңізге түсіп қалған таспаны жол полициясына дереу көрсеткеніңіз жөн.

Көлік жүргізушілері көбінесе өз видеотіркеуіне (видеорегистратор) түсіп қалған айыптыны жауапкершілікке тарту мәселесін көтеріп, жол полициясына хабарласады. Өз кезегінде ІІМ-нің бұған қатысты жауабы да берілді.

Жол полициясы комитеті егер оқиға куәгері бола қалған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін ұсынады. Бірінші кезекте азамат жергілікті жол полициясының бөлімшесіне құқық бұзушылық жайында хабар беруі керек. Бұдан басқа, куәгер «айыпты» көліктің маркасын, мемлекеттік номер белгісін және апат орнын нақтылап айтуы керек. Ал рөлде отырған азаматтың белгілерін байқаған жағдайда сипаттап берсе құба-құп. Үстіне видеотіркеуге түскен таспаны немесе суретті қосу ләзім.    

Бұл деректің барлығы да істің әділ әрі нақты болуына ықпалы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы 594 бабына сәйкес, жоғарыдағы деректерді берген адам куәгер ретінде шақырылады.

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: 3dnews.ru 

А. Құлтай