Көлікті қалай жуған абзал?

Көлікті қалай жуған абзал?

Отбасыңыздың жеке мүлкі болған көлігіңізді аялай біліңіз. Ол да біз секілді күтімге зәру. 

  • Көптеген жүргізушілер көлікті күн түсетін жерде жуғысы келеді. Өйткені, күн нұрында автокөлік тез кебеді және бұл көлік үшін пайдалы деп ойлайды. Шынында, бұл қате көзқарас. Ұзақ уақыт осылай жалғастырсаңыз, көліктің табиғи сырының жылтырлығы жоғалады. Ең жақсысы күн нұрының астында көлік жумаңыз. Көлік жуудың ең тамаша мезгілі түстен кейін және кешқұрым.
  • Көлікті жуғаннан кейін, су шашып шайған соң, сол қалпы қалдырмаңыз. Ең жақсысы, құрғақ, су сіміргіш матамен толық сүртіп шығыңыз. Мұндай кезде ауада ұшып жүретін кейбір шаң-тозаң және химиялық газдар көлік үстіне тез қонады. Бұның да көлік сырының жылтырлығына тигізер кесірі бар. Ұзақ уақыт осылай жалғаса берсе, су жаңа көлігіңіз сырттай қарағанда ескі көлік секілді боп қалуы мүмкін. 
  • Көлік те күтімге мұқтаж. Сіз бейне сыртқа шығарда айна алдында келбетіңізді түзегеніңіз секілді көлікке де сондай күтім қажет. Ауа ыстық кезде көзге көрінбейтін тозаң да көп болады. Бірақ мұндай сәтте салқын жерде де көлік жумағаныңыз абзал. Бұл мезгілде көліктің ауа алмастыру құрылғылары көптеп іске қосылатындықтан, шашылған суды сіміруі де артады. Көлік толық өшіп, «тыныққан» соң ғана жуғаныңыз абзал. Ауа алмастыру құрылғыларына су кірсе, өмірі қысқарады. Басқа да бөліктеріне тигізер әсері аз емес.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: bibo.kz

Қ. Қауымбек