Facebook жаңа уақыт бірлігін ойлап тапты

Facebook жаңа уақыт бірлігін ойлап тапты
Фото: aqweeb.com

Facebook әлеуметтік желісі флик («флик» немесе «шертпе») деп аталатын жаңа бірлікті ойлап тапты. Оның басты мақсаты – бейне және аудио файлдарды өңдеуді ыңғайлы және үйлесімді ету. Графикамен, дыбыспен айналысатын суретшілер және бағдарламашылар жұмыс істей алады, – деп жазады CNBC.

Жаңа уақыт бірлігі секундтың жеті жүз бес миллион алты жүз мыңын құрайды – 1/705 600. Ондық жазбаны пайдалансаңыз, сызу келесідей жазылады: 1.417233560090703e-9. 

Бұл наносекундқа қарағанда ұзағырақ, бірақ микросекундтан азырақ. Бұл нөмірді 8, 16, 22.05, 24, 25, 30, 32, 44.1, 48, 50, 60, 90, 100, 120-ға бөлуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Цукерберг "жаңалықтар ұсыну тәртібі о бастағы мақсатынан – адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті",– деп жазып, әлеуметтік желіде жаңалықтар мен жарнама мәніндегі жазбалардың саны қысқарып, керісінше, қолданушының отбасы және достарына қатысты ақпараттар бірінші кезекте ұсынылатынын айтқан еді. 

Ж. Жұмағұлов