Қытайдың квантты жер серігі 7600 км жерден ақпарат берді

Қытайдың квантты жер серігі 7600 км жерден ақпарат берді
Фото: hi-news.ru

Қытайдың квантты жер серігі 2 жыл бұрын ғарышқа ұшырылған. Арада өткен жылдар ішінде жер серік түрлі тәжірибелер жасауға көмектесіп, ғарыштан түрлі ақпараттан жіберіп отырды. Өткен жазда аталған жер серік өзінен мың км қашықтықта жатқан станцияларға ақпарат бере алған. Ал жақында ғана қытай физиктері тағы да рекорд жаңартып отыр. Квантті жер серік 7 мың км ара қашықтықтан ақпарат берген. 

Құрастырушылардың айтуынша, тәжірибенің мақсаты – дәл осы желінің жұмыс істеу қабілеттелігін арттыру. Сондықтан олар алдымен бір жерге, кейін тағы екінші жерге ақпарат тарату мүмкіндігін іске қосқан. 

Квантты желінің ерекшелігі оның ақпарат жіберу кезіндегі әрекетін үзіп жіберу мүмкін емес. Одан қала берді ол жердегі ақпараттар тыңдалмайды. Зерттеушілер болашақта квантты технологияның дамитыны анық деп отыр. 

М. Ақан