Ferrari компаниясы өзінің электрокөлігін шығарады

Ferrari компаниясы өзінің электрокөлігін шығарады
Фото: choicegear.org

Италияның Ferrari компаниясы қымбат әрі көз тартатын көліктерді шығару жағынан көш бастайды. Тарихы 1928 жылдан басталатын, атауы көлік маманы және автошабандозы Энцо Ферраридің құрметіне берілген. 

Ferrari компаниясының бас директоры Серджо Маркьонне тағы бір жобаны қолға алып отыр. Ол Tesla электрокөліктерінің алдына түсу үшін енді Ferrari көліктерінің қуат көзімен жүретін түрін шығармақ. Өзінің айтуына қарағанда бұл ешқандай интрига емес, шындық. 

Ferrari компаниясы шығаратын электрокөлігі тек қана қуат алатын көлік емес, барлық жағынан сапасы сын көтеретін, кермедегі аттай керіліп тұрған, Tesla электрокөлігінен де суперэлектрокөлік болады. 

«Егер белгілі бір компания электрокөлікті шығару керек болса, онда ол Ferrari болуы керек. Адамдар Tesla жеткен жетістікке таңдай қағуда. Мені дұрыс түсініңіздер: мен Илон Маск жасап отырған іске дау айтпаймын. Бірақ біздің де бұл салада жұмыс істеуге шамамыз жетеді», – дейді Маркьоне. 

Ferrari басшысы дәл қазіргі кезде электрокөлікке байланысты ешқандай түсінік берген жоқ. Дегенмен бір нәрсе анық, ол Tesla Roadster жарыққа шыққанған дейін компания өз көліктерін ұсынып үлгереді. Ал Tesla көздеп отырған көлік 2020 жылға жоспарланған болатын. 

Қызық алда. Tesla қуаттану арқылы жүретін көлікті шығарумен танымал болса, Ferrari көліктері бір ғасыр ішінде адамдардың назарын өзіне аудартқан көлік. Сондықтан бәсекелістік енді басталды.

М. Ақан