Терабайт сыйымдылығы бар әлемдегі ең кішкентай флешка

Терабайт сыйымдылығы бар әлемдегі ең кішкентай флешка
Фото: theverge.com

CES 2018 электроника көрмесінде SanDisk өндіріс компаниясының өнімі 1 TB сыйымдылығы бар әлемдегі ең кішкентай флешка енгізілді. Құрылғы әзірге әдеттегі USB-C өлшеміне сәйкес жасалған, – деп жазады The Verge.

Бұл флешка 2ТБ-ға дейін өткен Kingston DataTraveler Ultimate GT-тен флешкаға қарағанда кішірек. 

Құрылғы USB-C жалғағышына арналған және деректерді тікелей Android смартфондары арасында тасымалдау үшін пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта өндірушілер құрылғының құны қандай болатынын айтқан жоқ. Сонымен қатар сатылымға қашан шығатын күні де белгісіз болып отыр. 

Айта кетейік, әйгілі Samsung компаниясы ендігі жерде «Жұлдыздар шайқасы» үлгісінде ақылды шаңсорғыш шығармақ. Жаңа лимиттендірілген VR 7000 сериялы шаңсорғышы Samsung компаниясының технологиясын POWERbot атауына ие тың мүмкіндіктермен дамытады.

Ж. Жұмағұлов