2017 жылдың үздік смартфоны анықталды

2017 жылдың үздік смартфоны анықталды
Фото: korrespondent.net

Атақты Phone Arena технологиялық ресурсы жылдың үздік смартфонын атады. Samsung Galaxy Note 8 смартфоны көшбасшы деп танылды.

Үздік смартфондар оқырмандардың дауыс беруімен анықталды. Жалпы рейтинг Apple, Samsung, LG, OnePlus және басқа өндірушілердің гаджеттерін қамтиды.

Galaxy Note 8 (20,47% дауыс) iPhone X (15,47% дауыс) жинаса, LG V30 (8,9% дауыс) үздік үштікті қорытындылады. 

Бұдан кейінгі тізімді Samsung Galaxy S8, OnePlus 5T, Google Pixel 2 XL, Samsung Galaxy S8 +, Sony Xperia XZ Premium және Huawei Mate 10 Pro смартфондары жалғады.

Ж. Жұмағұлов