Microsoft Google Chrome браузерін орнатуға тыйым салды

Microsoft Google Chrome браузерін орнатуға тыйым салды
Фото: popsci.com

Microsoft корпорациясы Google Chrome браузерін қолданба дүкенінен алып тастады. Яғни Windows 10 S тұтынушылары браузерді пайдалана алмайды,– деп жазады The Verge басылымы.

Компанияның қосымшаны орнатқышты жою туралы шешімі әлі жарияланбаған. «Біз Microsoft Store қосымшасынан Google Chrome орнатушысын алып тастадық, себебі бағдарлама біздің дүкеніміздің саясатын бұзады»,– делінген хабарламада.

Microsoft Surface Laptop ноутбугіне орнатылған Windows 10 S жаңа нұсқасы мамыр айында енгізілген. Жүйеде стандартты браузерді өзгертуге тыйым салынған бірқатар шектеулер бар.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Microsoft корпорациясының бас директоры Джо Бельфиор твиттердегі парақшасында Windows Phone одан әрі дамыту жоспарланбағанын жазған еді. Бұл өндіруші Windows 10 Mobile үшін жаңа мобильді құрылғылар мен жаңартулар шығармайды дегенді білдіреді.

Ж. Жұмағұлов