Қытайлық жігіт сүйіктісіне 25 IPhone X смартфонымен ұсыныс жасады

Қытайлық жігіт сүйіктісіне 25 IPhone X смартфонымен ұсыныс жасады
Фото: korrespondent.net

Көптеген ер сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасағанды ұнатады. Кейбір ер азаматтар қымбат зергерлік бұйымдар, көлік, т.б. сыйлықтар ұсынып жатады. Алайда Қытайдың Шэньчжэн қаласында тұрғыны Чэнь Мин есімді жігіт өз сүйіктісіне ерекше ұсыныс білдірді. 

Apple компаниясының соңғы өнімі  25 IPhone X смартфонымен жүрек жасап, оның ішін гүлмен көмкерді. Әрине, сансыз раушан гүлдерінің ортасында ең басты сыйлық жүзік бар. Ғашық жігіт 25 гаджетке алдын ала тапсырыс беріп, оларды 3 қарашада, яғни Қытайдағы смартфонның ресми сатылымының алғашқы күні алған. 

Мұндай ұсынысты оның достары да қолдап, жанынан табылған. Олар қыздың күдігін тудырмай, белгіленген жерге әкелуге көмектескен. Дизайнер болып қызмет атқаратын Чэн ерекше тосынсый жасағанды ұнатады екен. Сол себепті де оның ұсынысы ерекше болуды қалаған. 

Ұсынысын білдірген соң, ол қалған артық смартфондарды бұл тосынсыйды ұйымдастыруға көмектескен достарына таратып берген.  iPhone Х смартфоны Қытайда 8388 юаньға сатылып жатқан көрінеді. Демек Чэнь Минь ұсыныс жасауға 210 000 юань жұмсаған. Ол дегеніңіз 31 500 долларды құрайды. Apple компаниясының соңғы өнімі Қазақстанда әлі сатылымға шыға қоймаса да, оның бағасы 570 мың теңгеден басталады деген болжам бар. 

Ж. Жұмағұлов