Алып роботтардың жекпе-жегі өтеді

Алып роботтардың жекпе-жегі өтеді
Фото: wallpapershome.ru

Роботтардың заманы келді. Тек қана телеарналардан көретін алып роботтардың жекпе-жегі, төбелестері бізге арман секілді көрінетін еді. Ал арман орындалса ше? Трансформер фильмін сүйіп көретін болсаңыз, бұл шайқас сізге де қызық болуы керек. 

Екі жыл бойы тәжірибе жасау арқылы осы күнге жеткен АҚШ мамандары мен Жапония елінің мамандары ақыры бір келісімге келді. Megabots мен Suidobashi арасында өтетін алып роботтар жекпе-жегі адамзат тарихындағы тұңғыш ұйымдастырылып отырған шайқас болмақ. 

Алып роботтар арасындағы жекпе-жекте бүкіл әлем көреді деп күтіп отыр. Барлық әлемдік арналарда көрсетілім жүреді. Бірақ бәріне қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан Youtube желісі арқылы қайталау көруге болады. 

Он жетінші қазан күні таңғы сағат жетіде адамзат тарихындағы алып роботтар шайқасы басталады. 

Сонымен жекпе-жекке шығатын роботтар қандай болады? Megabots (АҚШ) командасы алып келетін роботтың биіктігі 5 метр, салмағы 12 тоннаға жетеді. Ал  Suidobashi командасы алып келетін «темір самурай» деп аталатын роботтың биіктігі 4 метр, салмағы 6,5 тонна тартады. 

М. Ақан