2017 жылы көліктер бір-бірімен "тілдесетін" болады

2017 жылы көліктер бір-бірімен "тілдесетін" болады

2017 жылы жер бетіндегі көліктердің 6 пайызы бір-бірімен байланыста болып, хат-хабар алмасып тұра алады. Қазіргі таңда аталған жоба  АҚШ пен Еуропаның көптеген аймақтарында қолға алынып отыр.

«Форд» компаниясының еуропалық зерттеу орталығының басшысы Пим ван дер Ягттің сөзіне сенсек, мемлекеттік деңгейде байланыс орнататын бұрын-соңды мұндай жоба болған емес. Ең негізгісі сол, қала кептелісі мен тар бұрылыстарда көлік пен көлік хабар алысып, кез келген туындап қалуы мүмкін қиындықтарды күні бұрын білісіп отырады.

Әйтпесе, бүгінгі таңда көлік апаты көптеген жанның өмірін жалмап жатыр. Бойкүйездік танытатын дені жиырманың ар жақ-бер жағындағы жастар қалыпты ережелерді сақтауды ұмытып кетеді. Атаулы жобаның мақсаты да сол: дер кезінде қауіпті ескерту және қауіпсіздіктің қамтамасыз ету.

«Toyota», «Ford», «BMW», «General Motors», «Daimler Chrysler», «Mersedes Benz» пен «Honda» секілді көліктерге орналастырылатын байланыс құралы бірнеше жылдың көлемінде жүзеге асырылмақ. Ал ол дегеніміз ертең-ақ талай жанның көрер күні мен атқызар таңының ұзаққа созылары күмәнсіз деген сөз.

Айтпақшы, жобаның тағы бір ерекшелігі – жолдағы жылдамдықты арттырып жіберіп, тежегішті баса алмай жатқан жағдайда көліктегі байланыс желісі өздігінен іске қосылады.

Жобаның бір осал тұсы, бастапқыда тек «BMW» көліктеріне арналғаны. Дұрыс та болған екен... Ең бастысы, осы бір темір тұлпардың тізгінін тартып ұстау қажет-ақ!

Сурет:novostmira.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига