Ұшатын такси 2025 жылы шығады

Ұшатын такси 2025 жылы шығады
Фото: hi-news.ru

Lilium стартап компаниясы 2025 жылы ұшатын таксиді қолданысқа шығармақ. Осы жылдың көктемінде алғашқы кең көлемді ұшатын құрылғыны сынақтан өткізген стартаперлер Gett және Airbus менеджерлерімен бірлесе жұмыс істеуде.

Gett-такси компаниясының Еуропа бөлігіне жауапты қызметкері Ремо Гербер енді директор ретінде қызмет атқарады. Lilium компаниясының 2025 жылға дайындап жатқан құрылғысына керекті қаржыға Гербердің өзі жауап береді. Сонымен қатар, дәл қазіргі сәтте инвесторлар іздеуде.

«Біздің компания өзгелерден ерекше. Өйткені бізде жобамыздың бастапқы нұсқасы дайын. Одан бөлек, Lilium стартаперлері – өте білікті мамандар. Жолаушыларға арналған авиатакси құрылғысын жалғастыра береміз»,– дейді Гербер Ремо.

Т. Есқали