Сенсация: Африка ғарышқа тұңғыш жер серігін ұшырды

Сенсация: Африка ғарышқа тұңғыш жер серігін ұшырды
Фото: hi-news.ru

Ғарыш әлеміндегі бақтыластықтан енді Африканы да көре аламыз. Бұл құрлық аталса, әлемдегі ең кедей және аштық жайлаған жер деп қана түсінеміз. Бірақ бұл ғарышты зерттеу жұмыстарын қолға алып, үлкен жаңалық жасады. 

Тұңыш жер серіктің атауы – GhanaSat-1 деп аталады. Жер серікті Гана елі Кофоридуа қаласындағы бүкіл әлемнің ұлт өкілдері оқитын университет ғалымдары дайындап отыр. Жасауға кеткен шығын – 50 000 АҚШ доллары. Жер серік маусым айында дайын болып NASA-ға жіберілген. 


Бүкіл әлем ұлттары оқитын университеттің профессоры Ричард Дамоа: «Біздің жер серігінің алдында екі нақты тапсырма тұр. Біріншісі, ішкі камералар арқылы ол Гана жағалауларын бақылауға алады. Екінші, біз мұны ғылым саласына арнап отырмыз. Ғарыштан алынған деректер бойынша мектептерде жаңа бағдарламалар енгізіп, білім береміз»,– деді. 

М. Ақан