Супержылдамдықта қозғалатын пойыз-қонақүй

Супержылдамдықта қозғалатын пойыз-қонақүй
Фото: vk.com

Америкалық архитектор Брэндон Зибрехт Hyperloop Hotel аталатын вакуумды қонақүйлер жобасын ұсынды. Бұл ой инновациялық идеялар конкурсының жеңімпазы деп танылды. Мұндай пойыз-қонақүй ыңғайлы бөлмеден шықпай-ақ саяхат жасауға мүмкіндік береді.Оның жылдамдығы қарқынды болғандықтан, бір күнде бірден бірнеше қалаға саяхат жасауға болады.

Идея концепциясына сай, қонақүй бөлмелері вакуумды пойыз қалыбында жасалады. Жүйе Вашингтон, Бостон, Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Лас-Вегас, Сиэтл, Портленд, Денвер, Санта-Фе, Нэшвилл және Остин секілді АҚШ-тың 13 ірі қаласын қамтиды.

Қонақүй апартаменттері жүк контейнерлері негізінде салынады. Олардың әрқайсысында қонақ, жатын, жуынатын бөлмелер мен жұмыс кабинеті болады. Интерьерді қонақтың қалауына байланысты өзгертіп отыруға болады. Жас архитектор алдағы 5-10 жылда бұл типтегі қонақүйлер кең қолданысқа ие болатынын айтады.

А. Оралқызы