Жапония смарт-кеме құрастырады

Жапония смарт-кеме құрастырады
Фото: www.arabiansupplychain.com

Жапон жүк тасымалдаушылары кеме құрастырушы компания Japan Marine United бірігіп, адамның көмегінсіз жүзетін кеме концептін құрастыруды бастады. "Ақылды" кеменің коммерциялық нұсқасы 2025 жылға қарай дайын болмақ.

BBC ұсынған ақпаратқа орай, мұндай кемелер жасанды интеллекттің көмегімен қашықтықтан басқарылады. Әзірге қысқа, қауіпсіз әрі көп энергияны қажет етпейтін бағыттағы тасымалдау істерімен айналысатын кеме құрастырылмақ.

Жобаға орай, жасанды интеллект кеменің істен шыққан бөліктерін автономды түрде жөндеумен айналысуы тиіс. Жапондық өндіріс өкілдері бастапқыда 250 кеме дайындамақ. Әрбіріне минимум жұмсалатын қаржы 100 миллион АҚШ долларын құрап отыр.  

Смарт-кеменің алғашқы прототиптерін жүк тасымалдау барысында арнайы команда бақылайды. Кейіннен толығымен тәуелсіз өзі қозғалатын кемелер қолданысқа енгізілмек.

Британдық Rolls-Royce автоконцерні де автономді жүк тасымалдайтін кеме құрастыратыны жайлы мәлімдеді. "Ақылды" кемелердің британдық нұсқасы да қашықтықтан басқарылмақ. Rolls-Royce басшылары алғашқы прототипті 2020 жылы ұсынатынын жеткізді. 

Ж. Өрісбай