Адамзат тарихындағы фантастикалық жаңалық

Тақырыпты оқып отырып, ол қандай жаңалық болуы мүмкін дейтін боларсыз. Иә, бұл шындық. Себебі жаңа технология дамыған сайын адам баласын таңғалдырумен келеді. Бұл жолғы адамзат тарихындағы фантастикалық жаңалықты ұсынып отырған – миллиардер, «TESLA» компаниясының негізін қалаушы Илон Маск. 

Neuralink – Илон Масктің жаңа жобасы. Бұл жолы ол адам миын басқаратын болады. Бұл қалай? 

Жоба жетекшісінің ұсынып отырған жаңа жобасы адам миы мен жасанды интеллекті біріктіру арқылы адамның ойлау қабілетін ең жоғары деңгейге жеткізу. 

Wall Street Journal -ның айтуынша, Neuralink жобасы арқылы құрастырушылар адам миына мишық орнату арқылы адамның шексіз қабілетке жетуіне мүмкіндік жасамақ. Бұл жаңа заманның талабына сай жасалып отырған құрылғы. Аталған құрлығы арқылы адам жадын жаңарта алады. Бұл ғана емес, адам мишықтағы бағдарлама арқылы компьютермен басқа да техникалық құралдармен тікелей байланысқа түсе алады. 

Жалпы бұл жобасы жайында Илон Маск бұған дейін де айтып өткен. 2017 жылы ақпан айында Дубайда өткен конференция кезінде: «Меніңше, жақында биологиялық және жасанды сандық қабілеттілік бір-бірімен байланыста болады» деген. 

Жобаның атауы да аспаннан түскен жоқ. Оның атауын белгілі жазушы, футуролог Иэн Бэнкстің шығармасынан алған. 

Аталған жоба туралы, оның құрылымы мен құрылысы туралы әлемдік БАҚ беттерінде нақты толыққанды ақпарат алдағы аптада жарық көретін болады. 

Аталған мишық тек адам миын қабілеттілікке жетелеп қана қоймайды. Сонымен қатар ол миға орнатылғаннан кейін оған электронды қабылдау жүргізіледі. Яғни сигнал барады. Ал бұл дүние адам баласында болатын паркинсон ауруын жоғалтады. 

Илон Маск алдағы уақытта аталған жобаның жетістігіне жеткен кезде, адамдармен жұмыс жасауын қолға алады. Ол үшін ол өз еркімен жобаға қатысушыларды іздейтін болады. Яғни миға ота жасау арқылы мишық орнатып, жасанды интеллекті қалыптастыруға болатынын дәлелдеу үшін бар күшін салмақ. 

Бұл жоба қауіпті болуы мүмкін, бірақ жемісін берсе адамзат тарихындағы ең ұлы жетістік қана емес, фантастикалық жаңалық болмақ.