«Altwork» компаниясы ұсынған "Трансформер-орындық"

«Altwork» компаниясы ұсынған "Трансформер-орындық"
Фото: 10pix

«Altwork» компаниясы адамдарға жұмыс істеуге ең ыңғайлы құрылғыны ойлап шығарды. «Трансформер-орындық» деп аталатын құрылығы сіздің қажеттілігіңізге қарай жұмыс жасайды. Оны өзіңіз басқарасыз. 
Жұмыс істеуінің 40 түрі енгізілген. Яғни қырық түрлі бағытта қозғалыста болады. Құрылғы кәдімгі қарапайым орындық деңгейінде бірақ қозғалмалы жабдықтар арқылы құрастырылған. Монитор, тышқан, заттарды қоюға арналған орындары орналасқан. 
Бұл қазіргі кездегі адамдар үшін жасалған ең ыңғайлы және оңай құрастыруға болатын жұмыс үстелі. Техника дамыған сайын адамның әрбір арманын орындауға мүмкіндік табу үстінде.  



М. Ақан