Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Merceses E350 4matic

Merceses E350 4matic

Mercedes-терге тән артықшылықтар жайлы әңгіме қозғасақ, есімізге бірінші мезетте көліктің жолда өзін ұстау мәнері мен жүрістің жатықтылығы түседі. Тарихтан білетініміздей көптеген премиум класты көліктерге толық приводты технологиялар орнатқаннан кейін, олар өз жайлылықтарын жоғалтқан. Егер бұрын осындай көліктерде өзіңізді жайлы сезінген болсаңыз, қазір бұл жайлы ұмытуға болады. Бұрылыс икемдігі де болмағандай. Бірақ, жоғарыда айтылғанның бәрі Mercedes Е-классына қатысты емес.

Mercedes-ті қай жылдамдықта айдасаңыз да, барлық бөгеуілдер мен олпы-солпылық жерлерді «жұтып», сізге көлік айдаудан ләззат алу сезімін сыйлайды. "Сайлентблоктар қай материалдардан жасалғанын білгім де келмейді, бірақ олар жолдағы барлық сілкіністер мен бөгеуілдерді бейтарап етеді"- деп Мерседестің иелері мақтанып жатады. Тетік пен қосымша буфферлік серіппелердің арқасында, бұрылыс кездегі шанақтың қисаюы, жүргізуші мен жолаушыға байқалмайды. Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда бәрі қарапайым подвеска жайлы айтылған, бірнеше жинақталуларға арналған арнайы белсенді гидропневматикалық Airmatic DC подвескасы жайлы ұмытпағанымыз жөн. Оның көмегімен жүргізуші бірнеше баптаулардың тәртіптері мен клиренсті өзгерте алады.

Бір сөзбен айтқанда, барлығы сіздің талғамыңызды қанағаттандыру үшін жасалған. Көлік жол бойында сенімді әрі  белсенді түрде жүру үшін рөл басқаруының баптауларын қарастырған жөн. Тұтынушылардың айтқандарына сүйенсек, бұл баптаулар өте сәтті іске асырылған. Кері бұрылыс жайлы әңгіме қозғасақ, толық приводты Mercedes  Е350 үшін бұл сан 11,5 м-ге тең. Мұндай көлік үшін осы көрсеткіш аса үлкен деп есептемейміз; мысалға алсақ, артқы приводты Е350 үшін бұл көрсеткіш 11,4 м-ге тең. Бір сөзбен айтқанда, Mercedes 4Matic-тің кері бұрылыс көрсеткіші таң қалдырарлықтай.


4Matic жүйесінің айналым сәті барлық төрт дөңгелегіне бір уақытта беріледі: сәттің 40%-ы алдыңғы оське берілсе, қалған 60%-ы артқы осьтің меншігінде. Былай айтқанда, көлік артқы приводты көлікке тән әдеттерді бойына жинап алған. Кезекті бұрылыс кезінде жылдамдықты сәл жоғарылатып, көлікті виражға кіргізуге болады. Доғаға кірген бойда, алдыңғы дөңгелектің сізді күртіктен шығаруға күші жететіне көз жеткізе аласыз. Ал кішкентай әрі бірқалыпты жылдамдықпен жүрсеңіз, тайғақ жолда сізде ешқандай да мәселелер туындамайды.

4Matic-тің тағы бір ерекшелігі – осьаралық блоктау мен дөңгелекаралық дифференциалдың блоктау жүйелері күш басқару жүйесімен алмастырылған 4ETS (Electronic Traction System). Бұл жүйе машинаның батып қалуына қарсы жұмыс істейді. Егер осындай жағдай орын алса, ол сол дөңгелекті автоматты түрде тежеп, қалған дөңгелектердің айналым сәттерін жақсартады. Сүйтіп, 4ETS жүйесі 3 дифференциалдың жұмысын атқарады. Әр түрлі датчиктерден әр дөңгелектің жылдамдығы жайлы ақпарат жүйеге келіп түседі. Пресс-релизде айтылғандай: "егер көлік жүргізуші тағайындаған траекториядан ауытқып кетсе, жүйе автоматты түрде басқаруға кірісіп қана қоймай, тежегіш сәті мен қозғалтқыштың айналу сәтін төмендетеді".

Жинақталуы

Қуатты әрі икемді қозғалтқыштың автоматты беріліс қорабымен үйлесімді жұмыс атқаруы, толық приводтың  мінсіз жұмысы бұл көлікті алдыңғы қатарға шығарды. 272 а.к.-ті қозғалтқыштың қуаты әр жүргізушінің талғамын қанағаттандыратынына күмән келтірмейміз. Автоматты беріліс қорабында Comfort және Sport тәртіптері  ұйымдастырылғанымен, жаңа 7G-Tronic-тан сәл кем, бірақ бұрын Mercedes-ке мінбеген адам оны байқай ма? Меніңше, байқамайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, толық привод пен қалған артықшылықтарды ескере отырып, бұл толыққанды үлестірілген көлік десек, артық болмас. Көліктің бағасына келсек, 61 800 еуродан басталады, ал жоғарыда айтылған үлгінің бағасы 10 000 еуроға қымбат болғанымен, барлық техникалық құрылғылармен жабдықталған.

germancarforum.com

1663 9
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 25 қаңтар 2012, 12:32
Тегтер: Merceses E350 4matic,
Пікірлер
+0
25 қаңтар 2012, 17:18

ееее.....шіркін....

+0
25 қаңтар 2012, 21:52

Эх,,,,,,,

+0
26 қаңтар 2012, 10:13

Сөз жоқ, жақсы көлік

+0
26 қаңтар 2012, 10:21

Вот это я понимаю, машина. Немістің аты неміс қой.

+0
01 ақпан 2012, 11:50

о менің махаббатым

+0
02 наурыз 2012, 13:45

менің де))

+0
04 сәуір 2012, 09:51

Сатып алуга турарлык колик екен :)

+0
24 мамыр 2012, 10:23

Унааааааааааайт

+0
24 мамыр 2012, 10:28

:mrgreen: :mrgreen: маған да

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...