Samsung Galaxy Notе 7 өндірістен алынып тасталды

Samsung Galaxy Notе 7 өндірістен алынып тасталды
Фото: gbtn.ru

Samsung – әлемдегі ең ірі, бай компания. Оның әрбір шығарған өндірісі адамдардың қызығушылығын арттырып келеді. Тіпті қарапайым ұялы телефондарының өзі дамыған әрі қол жетімді. Жыл сайын жаңалық ашудан алдына жан салмайтын ірі компанияның бір жетістігі "Samsung Galaxy Notе 7" ұялы телефоны еді. Сатылымға шығып, халықтың қалауына айнала бастаған құрылғы, өкіншіке орай, енді өмірі тоқтатады.

Келіп түскен шағымдар ішінде ең көп және ең қауіпті саналғаны осы "Samsung Galaxy Notе 7". Оның қуат алу кезінде өртеніп кету қауіпі басқаларға қарағанда көп орын алған. Адам өміріне, мүлікке, тұрмысқа әсерін жаман жағынан тигізуі мүмкін смартфон өнідірстен алынып тасталды. Түсінікті тілмен айтқанда ендігі жерде "Samsung Galaxy Notе 7" сіздің арманыңыз болып қана қала бермек. Тіпті компания зиян шеккендерге өтемақы төлеуі де мүмкін. Бірақ бұл әлі нақты шешім емес.

М. Ақан