Facebook пайдаланушыларының саны 1,71 млрд адамнан асты

Facebook пайдаланушыларының саны 1,71 млрд адамнан асты
Фото: vsevesti24.ru

Facebook әлеуметтік желісінің соңғы корпоративті мәліметтері бойынша, оның белсенді пайдаланушыларының жалпы саны 1,71 млрд адамнан асты. Оның 1,1 млрд әлеуметтік желіге күнде кіреді.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 17% өсті, деп хабарлады ТАСС. Ол кезде әлеуметтік желіде 968 млн адам отырған.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында компания табысы $6,43 млрд, ал таза табысы - 2,06 млрд құрады.

Есеп мәліметтерін жариялаған соң компания акцияларының құны биржада 6,5% өсіп, жаңа рекорд орнатты.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы