"Ё-мобиль" биыл жарыққа шықпайтын болды

"Ё-мобиль" биыл жарыққа шықпайтын болды

Ресейдегі "ё-мобильдің" шығарылымы екі жылға шегерілді. Ал "ё-авто" компаниясының бас директоры қызметінен босады, деп хабарлайды Газета.Ru.

Ұжымның экс-басшысы Андрей Бирюковтың айтуынша, көліктер жоспарланғандай 2012 жылдың екінші бөлігінде емес, 2014 жылдың аяғы мен 2015 жылдың басында көпшілікке тарайтын болады. Ол сонымен қатар, компаниядан кетіп, жобаға тек инвестор ретінде қатысатындығын айтты.

"Кузов дайындайтын америкалық компаниямен орын алған келіспеушіліктің себебінен жобаны осылайша ығыстыруымызға тура келді", - деді Бирюков. Жоба менеджері қызметінен кетуінің себебін де осымен түсіндірді. "Жобаның уақытында іске асуына деген барлық жауапкершілікті өз мойныма алған болатынмын. Осы себепті орнымды босаттым", - деді ол. Қазіргі кезде компания басшысының қызметін "ё-авто" жобасының бас құрастырушысы Андрей Гинзбург атқарып жатыр.

ва

"Ё-мобиль" - бензинмен де, табиғи газбен де жүре алатын гибридтік көлік. Қуаты 60 ат күшіндей болатын ол 100 км жолға 4 литр ғана жанармай жағады.

Бұған дейін бизнесмен Михаил Прохоров алғашқы автомобильдер 2012 жылы шығатындығын айтып, уәде еткен болатын. Айта кетелік, "ё-авто" қазақстандықтардан осы уақытқа дейін мыңдаған тапсырыс алып үлгерген еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: yo-car.net, avtovesti.com