«Facebook» интернетсіз видео көру қызметін ұсынбақ

«Facebook» интернетсіз видео көру қызметін ұсынбақ
Фото: digitaltrends.com

Танымал «facebook» әлеуметтік желісінің қызметкерлері қолданушыларын жаңа жобасымен қуантпақ. Олар алдағы уақытта тіркелушілеріне интернет көмегінсіз түрлі бейнебаяндарды көруіне мүмкіндік жасамақ екен.

Бұл жоба алдымен 11 шілдеден бастап Үндістанда сынақтан өткізілмек. Егер сынақ қорытындысы жобаны жүзеге асырушыларды қанағаттандырып жатса, әлеуметтік желінің бұл қызметі ресми түрде іске қосылатын болады.

Түрлі бейнебаяндар әлеуметтік желінің қорында сақталып, қолданушылар оны интернет көмегінсіз көруіне болады. Бірақ көшірілмейтін болады.

«Facebook» қызметкерлері бұл жобаны қолға алу арқылы әлеуметтік желідегі қолданушылар саны едәуір өсетінін топшылап отыр.  

Ө. Сансызбай