Инновация: Оятқыш кілемше

Инновация: Оятқыш кілемше
Фото: boredpanda.com

Винсон Там есімді жігіт пен оның жас кәсіпкерлер тобы адамды теңертең ұйықтап қалудан сақтайтын оятқыш кілемше жасап шығарды. Кілемше аса сезімтал оятқыш құрылғымен жабдықталған. Ең қызығы оятқыш кілемшеде ешқандай басқарғыш құралы жоқ. Яғни егер ұйықтап жатқан адам оятқыштың дыбысын өшіргісі келсе, міндетті түрде кілемшені екі аяғымен бірнеше секунд бойы  басып тұруы тиіс. Сонда ғана кілемше өзінің дыбыс шығаруын доғарады екен. 

С. Ерсін