Twitter 10 мың қаріптен тұратын жазба қалдыруға мүмкіндік береді

Twitter 10 мың қаріптен тұратын жазба қалдыруға мүмкіндік береді
Фото: blog.newswhip.com

Twitter микроблогтар сервисі қолданушыларына 10 мың әріптен тұратын жазба қалдыруға мүмкіндік береді, − деп хабарлайды "Hi-tech Вести". Ал әзірше тек 140 қаріп жазуға мүмкіндік бар.

Бірнеше мың қаріппен жазу мүмкіндігі әзірше қолданушылардың бір-біріне жібере алатын Direct Messages жеке хабарламаларында бар. Қазіргі уақытта "Ұзақ" твиттерді мамандар тексеріп жатыр. Олар 140 символ жазбалары сияқты болады деп күтілуде. Тек жалғасын оқуға сілтемесі тұрады. Осылайша Twitter сервисінің ленталар тізбегі өзгермейді. 

Сервистің басшысы Джек Дорсидің айтуынша, олар осылайша белсенді қолданушыларды көбейтуді жоспарлап отыр екен. Ал осыған дейін қолданушылар өз ойын толық жеткізу үшін мәтінін сурет түрінде беріп келген еді.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін