Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Украиналық инженер жолаушыларды ұшақ апатынан сақтайтын капсула ойлап тапты (видео)

Украиналық инженер жолаушыларды ұшақ апатынан сақтайтын капсула ойлап тапты (видео)

Украиналық инженер жолаушыларды ұшақ апатынан сақтайтын капсула ойлап тапты (видео)

Ресей жолаушылар ұшағы Мысыр аумағында апатқа ұшырауы көптеген адамға қайғы алып келді. Мұндай апатта жолаушылардың аман қалуын ойластырған украиналық ғалым арнайы қауіпсіздік капсуласын ойлап тауыпты. Украиналық БАҚ өкілдерінің жазуынша, Мысырда болған оқыс жағдайдан кейін инженердің идеясын қолдаушылар саны әлдеқайда артқан.

Владимир Татаренко – ғылым мен техника саласынде жасаған еңбегі үшін Украинаның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған тәжірибелі инженер. Ол әуе тасымалдарын қауіпсіз етудің жолын ұсынып отыр. Ол бұл идеяны осыдан үш жыл бұрын патенттеп алған.

Ғалымның есебі бойынша, ұшақтың ішкі қабаты алып капсула кейпінде салынуы тиіс. Қозғалтқыш істен шығып, жолаушыларға қауіп төнген кезде, капсула ұшақтан бөлініп шығады. Сосын жерге арнайы парашют көмегімен түседі.

Владимир Татаренконың өнертабысы, әзірге, қағаз жүзінде математикалық есептеулер мен инженерлік сызбалардан тұрады. Ал оны материалдық деңгейде жүзеге асыру үшін 1 миллион АҚШ доллары қажет. Дегенмен, ұшақ құрастырушы компаниялар инновациялық идеяны қолдану үшін қаржы бөлуге асықпай отыр. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.nasha.lv
Қосылған күні: 09 қараша 2015, 12:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.