Солтүстік Корея: күн сәулесінен жүретін автобустар

Солтүстік Корея: күн сәулесінен жүретін автобустар
Фото: 24.kz

Елдің Нампхо қаласында жүрген күн сәулесінен қуат алатын автобустың суреті ғаламторда пайда болды.

Белгілі болғандай, ҚХДР өнертапқыштары автобустардың төбесіне әрқайсысы 100 ваттық 32 күн панелін орнатқан. Олар электр қуатын жинақтап, қозғалтқышты іске қосатын 50 конденсаторға жалғанған.  Күн батареяларынан жүретін автобустар жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін арттыра алады. Мұндай көлікке 140 адамға дейін сыйып кетеді. Солтүстік Кореяда электр қуаты тапшы болғандықтан, троллейбустар жүрмейді. Жанармайды да жиі таппай қалатын жергілікті билік бұл мәселеде күн батареяларына иек артады. 

Е. Жұмабайұлы