Жол талғамайтын электрлі велосипед құрастырылды

Жол талғамайтын электрлі велосипед құрастырылды
Фото: www.gizmag.com

Стандартты технологиямен жасалған велосипедті құмда, қалың жауған қарда немесе шөп үстінде жүргізу оңай емес. Америкалық Xterrain компаниясы осы мәселелерді ескеріп, жол талғамайтын велосипед құрастырды.

Xterrain500 немесе Fat Bike (ресми емес) деп аталатын жаңа электрлі транспорт ерекше техникалық құрылымға ие. Қалыңдығы 20 сантиметр болатын велосипедтің алдыңғы дөңгелегі артқы дөңгелектен кіші.

Xterrain500-ге арнайы қондырылған 500 Вт қуатқа ие электрлі қозғалтқыш велосипед тебуді жеңілдетеді. Ал қозғалтқышқа жұмсалатын энергия батареялары 40 шақырым жолға жетеді екен. Электрлі велосипед сағатына 32 шақырым жылдамдықпен қозғала алады.

Жақын күндерде америкалық компания жобаға Indiegogo платформасында инвестиция тартуды бастайды. Ал өнімді алдын ала сатып алуды көздеген тұтынушылар үшін бастапқы баға 1 600 АҚШ доллары болмақ.

Ж. Өрісбай