Жапондар «сөмкеге сыйып кететін» көлік шығарды (видео)

Жапондар «сөмкеге сыйып кететін» көлік шығарды (видео)
Фото: youtube.com

Жапон елінің өнертапқыштары әлемді таңдандырудан алдына жан салар емес. Жақында ғана Куниако Сайто есімді өнертапқышы «сөмкеге сыйып кететін» көлік жасап шығарды.

26 жастағы жапон инженері скейтбордқа ұқсас көлігін «WalkCar» деп атапты. Ол мұндай көлікті қаладағы кептелістен құтылу мақсатында жасап шығарған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға да көп көмек тигізеді деп мәлімдеп отыр.

«WalkCar» алғашқы «сөмке көлігінің» салмағы 2-3 келі болмақ. Бұл тұста тұтынушы өзінің салмағына қарай сатып алатын болады. 120 келіге дейінгі салмақтағы адамдарды алып жүре алады. Көлемі – қазіргі планшеттердей-ақ. Адам үстіне шықса қозғалады, егер түсе қалса бірден тоқтап қалады. Ал бұрылу үшін көлікті дене ырқымен басқарасың.

«WalkCar» нарыққа 2016 жылдың көктемінде шықпақ. Бағасы 750 евро шамасында болмақ.

Ө. Сансызбай