Автокеңестер

Автокеңестер

Назарларыңызға кәдеңізге жарар деген ниетпен автокеңестерді ұсынамыз.

1. Вентиляторды қосқан кезде көлік салонында жағымсыз иіс пайда болады. Себебі неде болуы мүмкін?

Кондиционер радиаторы зеңденіп кеткен болуы мүмкін. Немесе ауа өткізгішіне тышқан кіріп кетіп, сонда өліп кеткен болуы да ықтимал.

2. Көлік жүргізу курсын жақында оқып бітірдім. 10 000 доллар көлеміндегі қаржыға қандай көлік сатып алуыма болады?

Көлік жүргізуде тәжірибеңіз болмаса автомат қорапты автомобиль сатып алғаныңыз жөн. Бұл көлік айдаудың алғашқы сатысында ең идеал таңдау. Бірақ таңдау жасамас бұрын автоның ыңғайлылығы мен терезе көрінісінің анықтығына көз жеткізіңіз.

3. Ұсталған көлік алу кезінде не нәрсеге көңіл аударған жөн?

Ең алдымен көліктің қорабына (кузов) назар аудару керек. Осылайша көліктің бұрынырақ жол апатына ұшыраған-ұшырамағандығы туралы ақпарат алуға болады. Әсіресе, табалдырық пен дөңгелектің аркасына зер салып көріңіз. Қажет деп тапсаңыз кузовты өлшету үшін ТЖО бекетіне барып, тексеру  жұмыстарын жүргізуіңізге болады. 

Сонымен қатар, моторды қосып, дөңгелекті 2000 айн/мин жылдамдығына дейін айналдырып көріңіз. Осы орайда мотордан ешқандай артық дыбыстың шығап жатпағандығын бақылап отыру керек. 

Автодан бөлініп жатқан газдың түсі көк немесе қара болуы керек екендігін деп ұмытпаңыз. Көлікті айдап көріп, жылдамдықты ауыстыру қорабы мен тормоз, рөл жұмысы секілді нәрселерге назарыңызды салыңыз.

жалғасы бар...

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tuvaonline.ru