Пойыз автокөлігі пайда болды

Пойыз автокөлігі пайда болды
Фото: art-on

Немістің атақты "Smart" бренді сатып алушыларды өзіне қарату үшін қызықты айла ойлап тапты. Ол үшін компания "Forrail", яғни "темір жолға" атты ерекше автокөлік жасап шығарады. Пойыз автокөлігі жай көліктер секілді төрт орындықты (Smart For Four), бірақ ол асфальтпен емес, темір жолмен жүреді екен. Инженерлер автокөлікті "шағын пойыз" етіп әдейі жасаған. 

Smart Forrail 6 ай ішінде құрастырылған. Оны компанияның инженерлері британдық Interflee компаниясымен бірлесе отырып жүзеге асырды. Пойыз автокөлігінің темір жол бойымен асфальттағыдай жақсы жүретіндігін сынақ нәтижесі көрсетіп отыр. 

Құрастырушылардың айтуынша, транспорттың мұндай түрі пойызға қарағанда әлдеқайда арзан әрі жылдам. Және де жолаушылар өздерін анағұрлым жайлы сезіне алады. Smart Forrail-дің артықшылығы мен пайдасы көп болғанымен,  қолданысқа ене қойған жоқ. Оның бірінші себебі – пойызкөлік жүретін арналған жолдың болмауы. Екінші себеп – көліктің бұл түрін реттейтін арнайы заңның жасалмауы. 

Smart forrail 15 шақырымға созылып жатқан Шығыс пен Батыс Суссекс шекарасында Bluebell Railway жекеменшік темір жолында сынақтан өтті.

Н. Нұрмаханұлы