Жаңа ғаламшар атауы Кришитану Роналду құрметіне қойылды

Жаңа ғаламшар атауы Кришитану Роналду құрметіне қойылды
Фото: tjournal.ru

Португалия ғалымдары соңғы ашқан ғаламшар жұлдызын атақты футболист Криштиану Роналдудің құрметіне атады, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Нуэва де Лиссабон Университетінің халықаралық команда оқымыстылары жаңа галактика ашты. Оны мадридтік «Реал» форварды Криштиану Роналду құрметіне "CR7" деп атауды ұйғарды. Жаңа галактика аспан әлеміндегі бұрын-соңды болмаған ең жарық жұлдыз деп танылды. Ол әлемнің негізі қаланардан 800 миллион жыл бұрын пайда болған екен.

CR7 жарықтығы өзге жұлдыздармен салыстырғанда 3 есе артық, ал күн жарығынан триллион есе күшті.

Астрономдар CR7 жас галактикасының құрамы мол мөлшерлі сутек пен гелийден тұрады деп хабарлауда. Сонымен бірге біздің жарықпен салыстырғанда оның ғұмыры қысқа. Жалпы алғанда жаңадан ашылған галактика сол дәуірге сай.

Е. Жұмабайұлы