Xiaomi қуаттау құралынсыз смартфон шығаруды қолға алды

Xiaomi қуаттау құралынсыз смартфон шығаруды қолға алды
Фото: keddr.com

Қытайлық смартфон өндірушісі Xiaomi өз гаджеттерін қуаттау құралынсыз жиынтық етіп шығарудың мүмкіндіктерін қарастыруда. Компания бұл мақсатпен экологияға зиян келтірмеуді көздеп отыр.

Xiaomi компаниясының бас директоры әрі құрастырушысы Лэй Цзюнь (Lei Jun) Sina Weibo желісінің (Twitter-дің қытайлық аналогы) шағынблог қызметінде өз оқырмандарынан телефондар мен планшеттердің қорабында қуаттағыш құрылғысы бірге жүрмеуі жөнінде пікір білдіруін сұрады.

«Қоршаған ортаға залал келтірмеу мақсатында смарт-құрылғыға тәжірибе жүргізіп көргіміз келеді. Көптеген гаджет қолданушылардың үстел жәшіктерінде шаң-тозаң болып жататын қалыпты қуаттау құралымен қамтамасыз етіледі», — деп жазды Лэй Цзюнь.

Оның сөзіне сүйнесек, қуаттау құрылғысын қажет ететін смартфон тұтынушыларына Xiaomi шамамен 10 юаньдай (1,6 $) қосымша қаражат төлеуді ұсынады.

Ал журналистердің көзқарасынша, Xiaomi басшысы тек экологияға қамқорлық танытуды ғана көздеп отырған жоқ, шынтуайтқа келгенде, компания телефон қорабынан қуаттатау құрылғысын жойып, өнімнің жеке сатылу бағасын төмендетуді қалап отыр.

@. @assel_assanova