Ресейлік "Ё-мобиль" Вьетнамда құрастырылатын болады

Ресейлік "Ё-мобиль" Вьетнамда құрастырылатын болады

Ресейлік "Ё-мобиль" гибридтік көлігі Вьетнамда құрастырылатын болады.

"Ё-Авто" компаниясының бұл автосы 2012 жылдың аяғы мен 2013 жылдың басында шыға бастайды. Жергілікті компаниямен келісімге келіп отырған олар жылына 100 000 дана көлік құрастырып отыруды жоспарлап отыр. Жобаны Вьетнам үкіметі қаржылық тұрғыда қолдайтын болады. Іске кіріспен бұрын, вьетнамдық тарап "Ё-мобильдің" өндірісіне лицензия сатып алуы керек. Гибридті Азияның Оңтүстік-Шығыс аймақтарында сатылымға енгізу жоспарланып отыр. 

в

Ресейдің өзінде бұл авто 2013 жылы өндіріске шығатын болады. Осы уақытқа дейін мыңдаған Қазақстандық көлікке тапсырыс беріп қойғандығын да айта кетелік. 

"Ё-мобиль" бензинмен де, табиғи газбен де жүре алатын гибридтік көлік. Қуаты 60 ат күшіндей болатын ол 100 км жолға 4 литр ғана жанармай жағады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: alfisti.ru, avtovesti.com