Qooq – арнайы ас үйге арналған планшет

Qooq – арнайы ас үйге арналған планшет

Осы жылы Nvidia компаниясы дербес компьютерлердің процессорлерін басып озатын жаңа Tegra K1 жүйесін жасап шығарған еді. Ал ендеше аталған компанияның өзге бір өндірісі болған Tegra 4 чипі де планшеттердің құрамына еніп жатыр. Осы жобада француздың Qooq компаниясы ас үйге арналған дербес планшет-компьютер жасап шығарды.

Qooq v3 планшеті соққыға бейім және су өткізбейтін тысқа ие. Планшеттің көмегімен әр түрлі тағамдардың дайындалу үлгісін, сондай-ақ, үйрену видеолары мен аспаздық телебағдарламаларды көруге болады. Планшеттің үстіне суйықтық төгіліп кететін болса, оны еш қиындықсыз сүртіп алуыңызға болады.

Аспаздықтың ләззатына бөленуді ұнататын адамдарға арналған планшет 10,1-дюймді дисплеймен қамтылған. Оның оперативті жадысы 1 Гбайт. Егер тұтынушы дайын болған асын суретке алғысы келсе, планшеттің 5 Мпк-ге ие камерасы да бар.

Француздардың Qooq v3 планшеті 399 еуроға бағаланып отыр. Оның біршама қымбат болуы гаджеттің арнайы бір мақсатпен жасалынғандығымен түсіндіріліп отыр. Тұтынушы Qooq фирмалық қызмет көрсетуіне, тағамдар дайындалу үлгісінің жинағына, белгілі аспаздардың кеңесіне қол жеткізе алады екен. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: novostey.com

Ж. Өрісбай