Apple iPad Air 2 планшетінің алғашқы толық түсірілген фотолары жарияланды

Apple iPad Air 2 планшетінің алғашқы толық түсірілген фотолары жарияланды

3 тамыз, жексенбі күні қытай сайттарының бірінде жаңа планшеттің суреттері пайда болды. Суретке мән берер болсақ, планшеттің динамикасы корпустың төменгі жағында орналасқан. Бұл осыған дейін шыққан «Apple планшетінің алдыңғы дизайны өзгеруі мүмкін» деген сыбысты жоққа шығарды, - деп жазады www.ibtimes.com сайты.

Сонымен қатар, алғашқы деректерде iPad Air 2 планшетінің “Home” батырмасына Touch ID бармақты табу тетігі қосылады деп жоспарланғаны айтылған болатын. Ал оны маусым айында шыққан суреттер растады.

Apple компаниясының жоспарына орай, жаңа гаджет келесі айда iPad mini 3 планшетімен бірге шығарылады. Дегенмен, өзге ақпараттарға сүйенер болсақ, iPad Air 2, iPad mini 3 және жаңа 5,5-дюймді iPhone 6 өнімдері қазан айының орта шенінде шығуы мүмкін.

Төменде желіде жарияланған суреттер көрсетілген.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.ibtimes.com

Ж. Өрісбай