Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Ferrari зауыты. Суреттер

Ferrari зауыты. Суреттер

Ferrari зауыты. Суреттер

Естеріңізде болса, біз сіздерге Ferrari компаниясының тарихы жайлы айтып кеткен болатынбыз. Бүкіл әлемге аты мәшһүр автоөндіруші Энцо Феррари 1898 жылы Модема қаласында дүниеге келген. Бала кезінен бастап, Энцо көліктерге қызығып, автобәйгелерді сүйіп бақылады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Феррари CMN (Costruzioni Meccaniche Nazionali) спорттық топтың құрамына еніп, соның сапысында аянбай тер төккен.

Кейін 1920 жылы ол «Альфа Ромео» фирмасына орналасып, сынақшы-жүргізуші қызметін атқарып, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Нәтижесінде Феррари өзінің жеке «Скудерия Феррари» деп аталатын тобын құрып алады. Негізінен команда құрамы «Альфа Ромео» бәйге көліктерін жетілдіру жұмыстарымен айналысып, көптеген жарыс-бәйгелерге қатысатын. Сол кезден бастап, компанияның таңбасында әйгілі тұлпардың кескіні көрінеді.

Ал бүгін Энцо Ферраридің көліктері дүниежүзінің барлық мемлекеттерінде үлкен сұранысқа ие. Компанияның ең үздік үлгісі - Enzo болып табылады. Бұл машинаның нарықтағы бағасы бір миллион доллардан асады. Қолданысқа берілген Энцо үлгісінің жалпы саны - 399. Осындай машинаны Біріккен Араб Әмірлігінде бір-екі жыл бұрын британдық азамат айыппұлдарды төлемегені үшін көлік тұрағына тастап кеткен болатын. Айыппұлдың жалпы көлемі бір миллионнан асты ма екен?

"Қарапайым" темір тұлпарға деген сұраныстың жоғары болуының себебі неде? Бұл сұраққа жауап ретінде Феррари көлік зауытының фотосуреттерін назарларыңызға ұсынамыз. Суреттерде "қала" ішіндегі "қала" кескінделген. Артық сөздің қажеті жоқ. Суреттер сөйлесін. 

Конвейердің жоспары

Әр машина қолмен жиналады

Жеті рет өлшеп, бір рет кес

Қанық қызыл түске қол жеткізу үшін машина бірнеше рет бояудан өтеді

Арнайы камерада кебеді

Жаңа сырланған бояуға зиян келтірмес үшін арнайы корғаныс материалдармен жабады

Бір технологиялық процессте жоғары білімі бар бір-екі маман еңбек етеді

Механик қозғалтқыш бұғаттауларын қарастыруда

Құрылғылар тақтасы...

Былғары орындықтар пакетпен қапталған

Назар аударсаңыз, механик қолғаппен жұмыс істеп жатыр

Зауыт конвейері тып-тыныш, ешкім ешікімге кедергі келтірмейді

Механик соңғы бұғаттауларды орындап жатыр. Бірнеше сәттен соң, бұл үлгі желмен жарысатын болады.

Суреттер:funlobby.com

2382 6
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 08 мамыр 2012, 11:42
Пікірлер
+0
08 мамыр 2012, 12:46

Сөзім жоқ!

+0
08 мамыр 2012, 16:14

Перрари-ай)

+0
09 мамыр 2012, 18:16

недеген сапа

+0
09 мамыр 2012, 18:37

зауыттағы тазалықты айтшиш!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...